0
401

 

Қазіргі таңда #Serpin  жобасының түлектерінің ішінен  #ЖасылСақшы  еріктілер тобы құрылып, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыруда қарқынды жұмыс атқаруда.

Республика аумағында 43 млрд тоннадан астам қоқыс жинақталған. Оның тек 5 пайызы ғана кәдеге жараса, қалғаны жер қойнауына жіберіліп, әрісі қауіпті үйінділер маңына төгіледі. Қазіргі уақытта тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау және өңдеу мәселесі ұзақ жылдар бойы өзекті жағдайдың қатарында тұр. Қоқыс өңдемек түгілі, күнделікті шығып жатқан күл-қоқысты қайда төгерімізді білмей, қауқарсыз күйде екендігіміз шыңдық. Қоқыс полигондарының жетіспеушілігінен, оның сыйымдылығына шыдас бермей, күн сайын қоқыс қалдықтарының саны өсуде. Алысқа бармай-ақ қаладағы жағдайдың мүшкілі адам көргісіз. Әр жерде жатқан полиэтиленді пакеттер, бөтелке шөлмектері, тұрмыстық заттары кездестіре аласыз. Қала тұрғындарының ұқыпсыздығынан қаланың ластануына душар болып жатыр. Біреулер көшедегі қоқысты жинаса, ал енді біреулері сол жәшікке жетер-жетпестен қолындағысын лақтырып кетеді. Адам өміріне, денсаулығына аса қауіпті жәйттерді ескере отыра, күл-қоқыстың жер-жерде шашылып жатқаны түбі жақсылыққа әкелмесі анық. Жоқтан бар жасауға әлдеқашан кіріскен мемлекеттерден үлгі алатын кез жетті.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ