Біз жастарды қолдаймыз!

0
418

Қазіргі таңда жастардың білімділігі артып, инновациялық бағытта түрлі керемет дүниелер жасауда. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Біз осындай жас буындарымызды қолдап, оларға әрдайым көмек беруіміз қажет.
Бұндай қолдаулардың бірі былтыр 1-2 қыркүйек күндері #ALMAU университеті мен Қазақстандық менеджментті дамыту қоры, Алматы қаласының әкімдігі бірлесе өткізген Жас кәсіпкер жазғы мектебі – әлеуметтік бағдарламасы аясында Start Up жобаларға қаржылай қолдау көрсетілді.
Солардың бірі, қазіргі таңда сұранысқа ие болып келе жатқан «Tazalyk» мобильді қосымшасы.
Бұл қосымшаны қазіргі таңда мыңнан астам адамдар қолданып, қоқыстарды арнайы пунктерге өткізу арқылы дәрежелерге ие болып, бонустар жинайды. Ол бонустарды арнайы сыйлықтарға айырбастау мүмкіндігі бар.
Осылайша адамдарға мотивация беру арқылы қоршаған ортаға, қоғамға аздаған өз пайдамызды тигізбекпіз. Себебі қоқыстарды бөлек арнайы жәшіктерге бөлу арқылы олардың қайта өңделуіне көмек береміз.
#ALMAU # StartUp # Tazalyk #мобильдіқосымша #Жаскәсіпкер #мотивация #қоршағанорта #қоқыс #жәшіктер #РОП #ИКТ #НПП #инновация

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ