Пластикалық бөтелкелер пайда әкеле алады, сенесіз бе?

Пластикалық бөтелкелер пайда әкеле алады, сенесіз бе?

28.02.2018 0 Автор SERPIN INFO

Пластикалық бөтелкелер немесе қазіргі тілмен алғанда ПЭТ-бөтелкелер үлкен қалалардың басты мәселелерінің бірі. Көбінесе мереке күндері соңында демалуға шыққан адамдар көшеде пластикалық стакан немесе ПЭТ-бөтелке қалдықтарын тастап кетеді. Олардың ішінде бұл қалдықтардың маңызды экологиялық проблема екендігін ойлайтындар аз.
ПЭТ-бөтелкелерді әзірлеу арзанырақ болғандықтан, олар саны жағынан күн сайын артуда.
Егер біз оларды жәшіктердің арнайы бөлігіне бөліп салсақ, оларды қайта өңдеуге оңай болар еді. Еліміздің өңірлерінде пластикалық қалдықтарды сұрыптайтын 100 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар. Алайда оларға қоқыстарды бөліп жеткізуде арнайы жәшіктерінің көмегі зор. Бұндай қоқыс жәшіктері қаламыздың барлық нүктелерінде орналасқан.
Өңделген пластиктердің бір тоннасы 700-750 $. Ал олардың сатып алу бағасы бір тоннаға шаққанда 100 $.
Қазақстанда пластикалық бөтелкелерді сұрыптайтын әрі қайта өңдейтін 22 кәсіпорындар бар.
#пластикалықбөтелкелер #шағын #орта #кәсіпкерлікнысандары #ПЭТбөтелкелер #қалдық #қоқыс #арнайыжәшіктер #РОП #НПП #ИКТ