Вандализм зардаптары…

0
155

2013 жылдан бері қала әкімді, РОП операторларымен бірлесе қаладағы барлық тұрғын үйлердің аулаларына қоқыс жәшіктерінің жанына люмисценттік лампалар мен тұрмыстық батарейка қалдықтарын тастайтын қызғылт түсті жәшіктер орналастырылып келеді.
Себебі, люмисценді лампалардың және тұрмыстық батарейкалардың құрамында сынап бар. Ол адамдарға қандай зиян келтіретінін айтпасақта белгілі.
Алайда, қоғам, яғни адамдар бұндай өзгерістерге дайын еместігін дәлелдеді.
Астана қаласының өзінде өткен жылы 2000 жуық жәшіктер орналастырылса, қазіргі кезде оларды қиратудың 120 фактісі анықталды.
Мұндай фактілердің орын алу себептерінің бірі тұрғындардың ұқыпсыздығы. Егерде қоқыс жәшіктерін қирату немесе өртеу фактілері тіркелсе учаскелік полицейлер әкімшілік-құқықтық заң бұзушылық ретінде хаттама толтыруға құқылы.
Вандализмнің қоғамдық қауіп-қатері бұл әрекеттер тек қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын, қоғамдық мораль нормаларын бұзып қана қоймай, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті құртады. Қоқыс жәшіктерін қалпына келтіру мемлекет өзге заттарға қарастырған қаражаттарды мен қосымша жұмыс күшін талап етеді.

Қаламыздың қонақтары қала көшелерінде тәртіп пен тазалыққа таңданады. Ал тұрғын үйлердің ауласын қарасаң қоқысты, қирап жатқан жәшіктер.
Егер контейнерлер мен контейнерлік алаңдарды бұзу фактісіне куә болған болсаңыз, құқық бұзушыларды және олардың әрекеттерін мүмкіндігінше суретке түсіруді сұраймыз, бұл туралы тиісті органдарға оқиға туралы хабарлауларыңызды сұраймын!
Құрметті Астана қаласының тұрғындары, сіздердің қаладаның ішкі тәртіптерін сақтауда қоғамдық өмірге саналы қарауларыңызды сұраймын! Себебі қаламыздың әлпетін жасайтын біз! Барлығымыз!
#РОП #НПП #АКТ #SERPIN #GREENSAQSHY #Вандализм #қоқыс#акимат #Әкімшілікқұқық #бұзушылық

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ