Пиролиз деген не? Бұл тәсіл Қазақстанда пайдаланылады ма?

0
258

Жезқазған қаласында «CLEАN CITY ZHEZKAZGAN» ЖШС қоқысты сұрыптаумен айналысады.
Бұл серіктестік Жезқазған қаласында қоқыстың 6 түрін қабылдайтын 10 пункпен жұмыс жасайды. Олардың 4-уі қалдықтарды қабылдайды және қала тұрғындарының қоқысты бөліп тастау мәдниетін жоғарылату мақсатында шаралар атқаруда.
Жезқазғанда күніне 120-150 мың тонна қоқыс шығарылады. Осынша көлемдегі қоқысты аталған кампания пиролиз әдісімен тұрмыстық және өндірістік қоқысты қайта өңдейтін зауыт ашуға ниетті.
Негізінен пиролиз әдісі – оттегісіз барынша жоғары температурада ауыр органикалық заттарды бөліп, қалдықтарды екінші сұрыпты пайдалану құралдарына айналдыру. Бұл әдісті Қазақстан әзірге пайдаланып жатқан мекемелер жоқ. Мысал ретінде, көршілес Ресей елінде ең минималды 450–900 ° C температурада қоқыстарды қайта өңдеу іске асырылады.
«CLEАN CITY ZHEZKAZGAN» ЖШС зауытты іске қосса, қалдықтарды қайта өңдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қоршаған ортаға зиянды заттардың бөліну әсерін азайтады.
Таза қала және жақсы экология біз үшін де болашағымыз үшін де бизнес субъекті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік таңдауымыз!
Осы ретте, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы бұл мәселені назарға алып, қарастырса керемет болар еді!
#РОП #НПП #АКТ #SERPIN #GREENSAQSHY#CLEANCITYZHEZKAZGAN #қоқыс #пиролиз #Қарағанды #Жезқазған

ПОДЕЛИТЬСЯ
Предыдущая статьяВандализм зардаптары…
Следующая статья

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ