Тозған дөңгелек қалдықтарын қайта өндіру қаншалықты пайдалы?

0
119

2017 жылдан бастап елімізде тозған дөңгелек қалдықтарын жинау, тасымалдау, қолдану және 2019 жылға дейін 70 мың тоннасын қайта өңдеуге қаражат қарастырылған.
Қайта өңделген тауардың 1,5 % Өзбекстанға экспортталса, қалған 98,5% ішкі нарықта іске асырылуда.
Қазіргі күні пайдаланылған автокөліктің тозған дөңгелек қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорындар еліміздің барлық аймақтарында бар. Аталған нысандар перспективалық бағытта жұмыс жасауда. Себебі қазіргі таңда бұл салада 400 жұмыс орынмен қамтылған.
Бұдан бөлек, бүгінгі күні үлкен өлшемді тозған дөңгелек қалдықтарын өңдейтін 3 арнайы құрылғылары бар мамандандырылған мекемелер жұмыс жасайды.
2017 жылдың қорытындысымен 387,390 тонна үлкен өлшемді тозған дөңгелек қалдықтарын тасымалданып, қайта өңделген.
Жалпы, 2017 жылы тозған дөңгелек қалдықтарын өңдейтін 4 жаңа кәсіпорыны ашылса, елімізде 24 мамандандырылған зауыттар жұмыс жасайды.
Осы ретте, 2018 жылы Алматы қаласында 2 жаңа зауыттың іске қосылуы жоспарда. Бұл зауыттар жоғарыда аталып өткендей 70 мың тоннаға қосымша 3 500 тонна тозған дөңгелек қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Дөңгелек қалдықтарын қайта өңдеуге тапсыру, оны тұрмыстық жағдайда өртегендегі түтінінен құтылуға болады. Ол ауаны таза ұстауға зор үлесін қосады. Тозған дөңгелек қалдықтарын өткізу экономикалық жағынан да, экологиялық жағынан да пайдалы.
#НПП #АКТ #Инновация #SERPIN #GREENSAQSHY #резеңке#қалдықтар #70мыңтонна #зауыттар #кәсіпорындар

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ