Қоқыс сатта – пайда тап!

0
63

Пластикалық бөтелкелердің зияндылығын жылдары бойы айтып келе жатырмыз. Алайда, барлығымыз күнделікті өмірді түрлі жағдайларда оларды қолданып, тұрмыстық қалдықтармен бірге тастаймыз.
Мысалыға, Жапония мемлекетінде аталған бөтелкелерді жинаудың өз тәсілі бар. Қақпақтарын бөлек жәшікке, қағаз белгілерін өзге жәшікке, ал пластикалық бөтелкелердің өзі аз орын алу мақсатында ішіндегі ауаны аяқпен басып шығарып тастайды.
Астана қаласында 300 мың тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылса, оның 75 мың тоннадан астамы пластикалық қалдықтар.
Пластикалық қалдықтар жер бетінде 100 жылға дейін сақталып тұрады және өзінің құрамындағы улы заттарды бөледі. Оларды өртеген сәтте де ауаға улы газдар бөледі.
Сондықтан, оларды тастағанда бөліп тастап, қайта өңдеп, екінші деңгейлі тұрмыстық құралдар ретінде пайдаланған дұрыс.
Қазіргі таңда, пластикалық бөтелкелерді қабылдайтын арнайы пункттер еліміздің барлық аймақтарында орналасқан. Бөтелкелерді қабылдау құны да жоғары 7 теңгеден 10 теңгеге дейін. Бұл өте қымбат баға. Себебі, пластикалық бөтелкелердің адамзат өміріне, сондай-ақ табиғатқа әкелер зияны зор.
Қазақстанда пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт біреу, ол Астана қаласында орналасқан.
Пластикалық қалдықтар екі түрлі қалыптарда ұнтақтар жасалады. Олар: жоғары қысымды полиэтилен және төменгі қысымды полиэтилен. Бұл ұнтақтардан балқытылып қатты пленкалар алынады.
Сонда, біз 100 теңге көлемінде сатып алатын пластикалық бөтелкелерден оларды тапсырған сәтте 10 теңге пайда және ауаға бөлінетін улы заттардан қорғау, сонымен қатар қайта өңделген екінші деңгейлі тұрмыстық затты алуға болатынына көз жеткіздік!
Еліміздің экологиялық жағдайын сақтай отырып, мемлекетке де өзімізге де пайдалы әрекет жасаған дұрыс!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ