0
39

Елімізде ең көп құрылыс жұмыстары жүргізілетін аймақ Астана қаласы, тіпті ең озық технологиялар құрылыс қалдықтарының пайда болуынан сақтай алмайды.
Құрылыс қалдықтары – әдеттегі контейнерге, шұңқырларға тасталмайтын қоқыстың ерекше түрі. Оны не істеуге болады? Құрылыс қалдықтарын ережелер бойынша қай жерге алып тастау керек?
Құрылыс және жөндеу жұмыстарынан кейін тау-тау қоқыс қалдықтары жиналады: құрылыс материалдарының қалдықтары, қабырға бөлшектері, ағаш,шыны, зақымдалған кірпіш, кез келген металл қалдықтары, түрлі бағаналар,жиһаз қалдықтары, күл-қоқыс, бәрі үгітіліп шаң көтереді, тіпті тасымалдануы да қиынға соғады.
Соған қарамастан мұндай құрылыс қалдықтарын, ауладағы қоқыс жәшіктеріне немесе қатты тұрмыстық қалдықтар тасымалданатын зауыттар мен полигондарга тастауға тиым салынады. Құрылыс қоқыстары әкетуі тиіс арнайы полигондарға жеткізіледі, олай болмаған жағдайда қоқыс тастаушыға айыппұл салынады, алғашқыда ескерту беріледі, қайталанған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіште 48000 тенге төлеуге мәжбүр болады.
Қоқыстарды және де басқа қалдықтарды тасымалдау үшін көлемі 8 (12,13,20) м3 , жүк көтергіштігі 5тн, биіктігі 1,5 метр контейнері арнайы шақыртылады, толтырылған контейнер полигонға немесе қайта өңдеу зауыттарына тасымалданады.Көбінесе тапсырысты құрылыс жұмыстары жүргізілетін компаниялар, сауда мекемелері, тамақтану орындары мен жеке тұлғалар арнайы жібереді.
Алайда мұндай материалдарды түгелдей тастауға келмейтіндері де кездеседі.Бетон және кірпіш қалдықтарынан іргетас қалауға немесе жол төсеу жұмыстарына жұмсалады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ