0
92

Құрттаған бизнес…

Бүгінде экологияға төніп тұрған проблемалар қатарын “қоқыстар” өршітіп, алаңдатып тұр. Иә,18 миллион халқы бар Қазақстан тұрғынының әрқайсысы 353 кг (оның ішінде 4%-металл, 6%-тоқыма, 6%-шыны, 15%-пластик, 25%-қағаз және картоп) қалдықтарын шығарады. Алайда, басым бөлігін, яғни 37% органикалық заттар құрайды.
Бұл орта есеппен шыққан статистика.
Бірақ әр жердің, әр өңірдің өз ерекшелігі бар.
Мысалы біздің азаматтарымыздың 42 % ауылдық жерлерде тұрады.
Ауыл өмірі өзіндік күйбең тіршілігімен ерекшеленеді ғой.
Дархан даланың кеңдігі, маңғаз таулардың еңселілігі, ауаның тазалығы…. Ауаның тазалығы?! Бүгінде бұл үлкен сұрақ белгіге айналып отыр. Себеп көп… Қаланың қоқысына көзіміз үйреніп қалған біздер, ауылдың тыныс-тіршілігімен таныспыз ба?! Ауылдық жерлерде кәдімгі қоқыстардан бөлек малдың қалдықтары, жануарлардың жемтіктері ауаға улы заттар бөледі. Осының нәтижесінде қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да тікелей кері әсерін тигізеді. Қарапайым төрт-түлік мал осы қалдықтармен байланыста болып, нағыз инфекция тасымалдаушыға айналып отыр. Ал, бұл өте қауіпті…
Осылайша, шошқа тұмауы, бруцеллез, трихинез сынды аурулар өршиді.
Алайда, қазіргі уақытта технологияның дамуына орай бұл сұрақ белгіге де жауап табылды-мыс. Бұл жаңа үрдіс, жаңа технология, жаңа бизнес түрі. Және ол-вермикультура деп аталады.
Бұл құрттарды өсіру арқылы органикалық қалдықтардан өндірістік тыңайтқыш алу үшін қолданылатын ауылшаруашылық саласы. Ресей, Украина, Өзбекстан сынды көршілес мемлекеттерде бұл технология қарқынды жұмыс жасауда. Ал, Қазақстанда бұл әдісті тек бірнешеуі қолданады. Соңғы 2-3 жылда қазақстандық фермерлер интернеттің көмегімен бұл технологияны зерттеп, қолдана бастаған… Ауыл халқы үшін пайдасы зор бұл технолонияны Солтүстік Қазақстандық, қоғам қайраткері Андрей Стрелец қолға алды. Ол 2015 жылдан бастап, қалдықтарды пайдалана отырып, тиісті табыс табуда. Оның экологиялық таза картобы Қазақстан бойынша танымал. Сарапшылардың мәліметтері бойынша құрттар органикалық қалдықтарды вермикомпустыққа айналдырады, бұл иіссіз және сонымен бірге тыңайтқыштар мен қалдықтардан гөрі компост сияқты тиімдірек әрі қолайлы болып келеді.
Құрттар арқылы алынған ең маңызды тыңайтқыштар өсімдіктерді ауыр металдар мен радиониклидтердің енуінен қорғайды, жемістегі нитраттардың деңгейін төмендетеді.
Міне, дәл осындай тыңайтқыштарда өсірілген көкеністер мен жемістер экологиялық таза болып табылады.
Дәл осы, жемшөп қоспасын пайдаланған кезде тауық өндірісі 20%-ға өсіп, ақуыз мөлшері көбейіп,сүт өнімі 22%-ға артады.
Елімізде бұл технологияны жан-жақты қолдау арқылы халық салауатты өмір сүріп, сондай-ақ ауылдық жерлерде бизнес құруға мүмкіндік ала алады. Ал, бұл жүйелі қолдауды талап етеді.
Ол үшін биологиялық түрде ыдырайтын қалдықтарды көмуге тыйым салу сынды іс-шараларды көптеп ұйымдастыру керек.
Бұл игілікті іс-шаралар арқылы жергілікті ауыл тұрғындары мен фермерлер тиісті практикалық және теориялық білім алып, сонымен қатар ауылшаруашылық технологиясын қолдану мен бизнесті өркендету арқылы экономикалық пайда табады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ