Еңбек шарты НЕ ҮШІН КЕРЕК?

0
405

 

 

Еңбек шарты қашан жасалу тиіс және ол міндетті ме?

Еңбек шарты бұл жұмыс беруші мен жұмыскер арасында жұмысқа тұру кезінде жасалатын, бұл тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жұмыс жағдайларын анықтайтын жазбаша келісім. 
ҚР Еңбек Кодексінің 24 бабына сәйкес:
«Еңбек шарты бойынша жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді». Яғни, бұл сіздің жұмыс берушіге деген қатыстылығыңызды анықтайтын құжат. Ол еңбек заңнамасымен қамтамасыз етілген құқықтарыныз бен кепілдіктеріңізді қамтамасыз етеді. Оларға:
 жалақыңы
 зейнетақы төлемдері
 үстеме, түнгі, мейрам күндері істеген жұмысыныз үшін еселенген ақы алу
 заңды ақылы демалысқа ие болу
 жұмыс өтілініздің есептелуі және т.б.

Еңбек кодексінің 33 бабының 3 тармағында адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады деп көрсетілген. Осындай талапты жұмыс берушіге қою – сіздің құқығыныз.
Сонымен қатар, еңбек кодексіне сәйкес егер де жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі. Сол себепті сіз еңбек шартын жасамасаныз да, еңбек қатынастары басталған болып есептеледі. Бірақта бұнын теріс жағы бар. Себебі, еңбек шартынсыз құқығыныз бұзылған болса, жұмыста болуды дәлелдеу сіздің міндетініз болып қалады. Бұл жерде сіздің жұмыста болғанынызды растайтын фото, видео сиякты дәлелдемелер қажет болады.
Сонымен қатар, еңбек шартын жасаудың міндеттілігін дәлелдейтін тағы бір жайт ол жұмыс берушілерге бұл жерде көзделген әкімшілік жаза. ҚР Әкімшілік кодексінің 86-бабында Адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберу бойынша айыппұл кқзделген.
Сондықтанда, жұмысқа тұрған кезде міндетті түрде еңбек шартын жасасуды талап етіңіздер. Осылай сіз өздерініздің құқықтарынызды әрдайым қорғай алатын боласыз.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ