Сынақ мерзімі кезіне еңбек шарты жасалынуы тиіс па?

0
21

Сынақ мерзімі кезінде сізге жалақы төлене ме? Сынақ мерзімінің ұзақтығы қандай?

Осындай сұрақтардың жауабын жұмысқа орналасып жатқан адамдардың білуі өте маңызды. Себебі, қазіргі таңда жұмыс берушілер жұмысқа қабылдау кезінде бірнеше немесе одан да көп күнге жұмыскерден ақысыз және заңға сәйкес тиісті түрде рәсімделген негізде белгілі бір тағылымдамадан өтуді талап етеді. Бұл жұмыскерлердің құқықтарының бұзылуының алғышарттарының бірі. Мәселен, адамның уақытының босқа кетпеуі және ол кезеңге ақының төленуі заңмен қорғалған.
Сондықтан да, біріншіден анықталуы тиіс нәрсе ол сынақ мерзімі дегеніміз не? Еңбек кодексіне сәйкес сіздің біліктілігініздің тапсырылып жатқан жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында 36-бап бойынша сынақ мерзімі белгіленген. Ол дегеніміз жұмыс берушінің сізді бұл жұмысты орындауға қабілеттісіз ба жоқ па екендігін тексеретін уақыты.
Бірақ та бұл жерде де бәрі заң бойынша рәсімделіп жасалуы тиіс. Оның қалай болатынын келесі сұрақтардың жауаптарынан көрінетін болады:

СЫНАҚ МЕРЗІМІ КЕЗІНДЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ ЖАСАЛУЫ ТИІС ПА?

Еңбек кодексінің 36 бабының 2 тармағына сәйкес сынақ мерзімі жұмыскердің жұмыс өтіліне қосылады. Бұл дегеніміз сынақ мерзімі кезінде жұмыскерге Еңбек заңнамасының нормалары толықтай таралады деген сөз. Яғни, жұмыс беруші жұмыскермен міндетті түрде еңбек шартын жасауы керек.
Сонымен қатар, 36 баптың 1 тармағына сәйкес еңбек шартында сынақ мерзімі туралы туралы талап көрсетілуі тиіс. Және де сынақ мерзімі еңбек шартының қолданылуы басталған кезден басталады деп айтылған.
Сол себептен сынақ мерзімін ауызша бекітудің заңсыз екендігі анықталды.

СЫНАҚ МЕРЗІМІ ҚАНША УАҚЫТҚА СОЗЫЛУЫ МҮМКІН?

Еңбек Кодексінің 36 бабының 2 тармағына сәйкес сынақ мерзімінің уақыты 3 айдан аспау тиіс.
Бірақ та жұмыскерлердің белгілі бір тобы үшін оның ұзақтығы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Олар:
1. ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары.
2. бас бухгалтерлер мен олардың орынбасарлары.
3. филиалдар, ұйымдар өкілдіктерінің басшылары.
Өз кезегінде заңнамамен сынақ мерзімінің төмеңгі шегі белгіленбеген.
Яғни, сынақ мерзімі 3 кун, 10 күн, 30 күн болу мүмкін. Бірақ та аталған 3 немесе 6 айдан аспауы тиіс. Оны жұмыс беруші белгілейді.

ЕГЕР ДЕ ЕҢБЕК ШАРТЫНДА СЫНАҚ МЕРЗІМІ ТУРАЛЫ ТАЛАП КӨРСЕТІЛМЕГЕН БОЛСА, БҰНЫН ЖҰМЫС БЕРУШІГЕ ДЕГЕН САЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

Еңбек шартында сынақ мерзімі туралы талап тиісті түрде көрсетілмеген болса, жұмыскер сынақ мерзімінсіз қабылданады деп есептеледі және егер жұмыскер жұмыстың алғашқы айларында жұмысқа теріс нәтиже көрсеткен болса, сынақ мерзімінің қорытындысы бойынша оны босату мүмкін болмайды.
Бұл жерде жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабында (Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері)
көрсетілген негіздер бойынша ғана жұмыстан босатуы міндетті болады.

СЫНАҚ МЕРЗІМІ КЕЗІНДЕ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚТЫ ШЫҒАРУ ҚАЖЕТ ПА?

Сынақ мерзімі уақытында жұмыскерге қатысты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормалары толықтай қолданылады. Тиісінше, жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудың белгіленген тәртібін қатаң сақтауға міндетті.
Яғни, еңбек шартын жасасқаннан кейін жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті. Және де бұйрықта сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі де, белгіленбеуім мүмкін. Бұған тыйым салынбаған, және де бұл міндетті емес.
Бірақ та, еңбек шартында сынақ туралы талап көрсетілмесе, оны тек бұйрық арқылы қоюға болмайды.

ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖҰМЫСКЕРДІ СЫНАҚ МЕРЗІМІ УАҚЫТЫНДА ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРАТЫН БОЛСА, ОНЫ ЖАЗБАША ТУРДЕ ХАБАР ЕТУІ МІНДЕТТІ МА?

Еңбек кодексінің 37 бабы бойынша Жұмыскердің сынақ мерзімі кезеңіндегі жұмысы теріс нәтиже берген кезде, жұмыс беруші оны жазбаша нысанда хабардар ете отырып, еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді көрсетіп, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.
Егер сынақ мерзімі аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуы туралы хабардар етпесе, онда жұмыскер сынақ мерзімінен өткен болып есептеледі.

Қорыта келе, егер де сізге сынақ мерзімі белгіленген болса, сізбен еңбек шартының жасалуына және сынақ мерзімі туралы талаптың міндетті түрде еңбек шартында көрсетілуіне мән берініздер. Сынақ мерзімі тек қана еңбек шартымен орнатылады және де ол үшін сізге ақы төленуі тиіс. Осы ережелердің сақталуы сіздердің құқықтарының бұзылмауының кепілі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ