Сән әлеміндегі табысты оқиға

0
27

Астана-мақсаты мұқалмайтын, арманын ақиқатқа айналдыра алатын адамдардың қаласы. Мол қаржың, беделді тамыр-танысың, айтарлықтай тәжірибең болмаса да табысты бизнес жүргізуге болатын шаһар. Осы қалаға келіп жеке кәсіпкерлікпен шұғылданып жүрген кейбір жандардың айы оңынан туып тұрса, ал кейбіреулер кәсібін шырқ үйіріп әкете алмай жүреді. Біреудің асығы алшысынан түсіп жатса, баз біреулердің сағы сынып жатқанын көреміз. Табысқа жетелер жол бар ма? Жолы болғыш жандардың өзге адамдардан еш айырмашылығы жоқ болғанымен, оларды өзгелерден ерек етіп тұратын бірнеше қасиеттер бар.Ол үшін тек жігерің бекем, қадамың қарышты, бойыңда жалын болуы тиіс. «Мен & Астана» деректі фильмінде дәл осындай жандардың табысты оқиғасын тамашалай аласыздар!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ