Астана мектептері 1 000 000 теңге көлемінде грантқа ие бола алады

0
140

Жуырда Астана қалалық 📚№ 37- ші орта мектебінде ӨКМ операторы, қалалық білім бөлімі және әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры 2 – ші практикалық семинар өткізді. Шараға Астана қаласының 80 – нен аса мектеп ұстаздары, оның ішінде тәрбие ісінің меңгерушілері қатысты. ✅#Vперароботку , #Қайтаөңдеуге науқанын қорытындылап, жаңа жоба – Экочелленджді іске қосты! 👆🏻Аталмыш жоба Астана және Петропавл қаладарын қамтиды. Алдағы уақытта мектеп ұстаздары ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, эстафета, квест сынды балаларды экологиялық тәрбиелейтін маңызды шараларды ұйымдастырып, оқушылармен Қоқысты қайта өңдеу зауытына экскурсиямен барады. Қоғам тәрбиесінің табалдырығы – өскелең ұрпақ, мектеп оқушылары. Сондықтан, қоқысты сұрыптап тастау жүйесін түсіндіру жұмыстары осы аудиториядан бастау алды және жалғасын тауып келеді! Жоба қорвтындысы ретінде оқу орындарына 500 000 – 1 000 000 теңге аралығында грант ұтып алу мүмкіндігін береді. Игі бастамаға сәттілік тілейміз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ