Бос жұмысорындары жәрмеңкесі

0
219

Заманауи еңбек нарығының талабына сай, қазіргі таңда кез келгенҚазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік органдарысапалы жұмыс жасауға ұмтылады. Солардың бірі – Астана қаласының халықтыжұмыспен қамту орталығы болып саналады. Олар еңбек нарығының мамандарға дегенқажеттілігін айқындау үшін, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестерменбайланыс орнатып, жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуына көмек беріп,жұмыссыздықты азайту.

     Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

         Соған орай, Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мекеме қызметкерлері жұмыс іздеушілермен тығыз жұмыс жасап, биылғы жылы 8 үлкен «Бос орындар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды, оның ішінде  мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, жоғары оқу бітірушілер және колледж түлектері қатысты.  Әр жұма сайын жұмыс іздеушілерге арналған кішігірім бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. 2019 жылы орталықпен 6 жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Биылғы жылы 2 мыңға жуық азаматтар бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, олардың ішінде тұрақты жұмыс орындарымен 430 қамтамасыз етілді. «Болашақ кілті-жастарда»-дегендей, жастарымыздың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету үшінде өте тың жұмыстар атқарылған. Қазіргі заманауи талабына сай, жоғары оқу орнын бітіруші маман немесе колледж бітірушілерінен жұмыс орнына орналасуға барғанда, олардан жұмыс өтілімдері туралы құжат сұрайды. Бірақ, өздеріңіз білетіндей жаңа оқу орнын бітірген жас маманда жұмыс өтілімі қайдан болады? Осы тұрғыда, егер оқу бітіруші жас маман халықты жұмыспен қамту орталығына келіп, бағыт-бағдар алып, жұмыссыз деген тізімге енсе, оған мекеме жұмыс тауып беруге кепілдік береді. Осындай тұрғыда биылғы жылы білікті 780 жас маман  жастар практикасы бойынша Астана қаласының бюджеттік, мемлекеттік мекемелеріне өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша жұмысқа жіберіліп,   1892 азамат қоғамдық жұмыстарға жұмылдырылып,   өз бизнестерін ашамын деген 52 азаматқа микро несиелер берілді.

          Сонымен қатар, жұмыс берушілерге білікті мамандарды таңдауға кішігірім бос орындар жәрмеңкесін өткізу өте тиімді. Себебі, жұмыс берушілер өздеріне тапшы мамандықтр бойынша жұмыс атқара білетін нағыз мамандарды жұмысқа қабылдауға мүмкіндік туады. Мысалы, биылғы жылы бос орындар жәрмеңкесіне жұмыс берушілер тарапынан қатысушылар тізімі төмендегідей: ЖШС «Татым», ЖШС «Немецкий двор», Астана қаласының Ішкі істер департаменті, ЖШС «КСС Астана», «Жастар» мәдениет үйі, АҚ «Хоум Кредит» банкі тағы басқалары.

Ауыз толтырып айта кететін жайт, www.enbek.kz порталы – Электронды еңбек биржасы 2017 жылдың қазанында Астана, Алматы. Павлодар және Шымкент қалаларының Жұмыспен қамту орталықтарында жоба ретінде іске қосылған еді. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еліміздің барлық аумағын қамтыды. Бұл туралы жуырда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі – Нұржан Әлтаев жыл басынан бері www.enbek.kz сайтының қаралымы 70 мыңға жетіп отыр деп сұхбат берген болатын.

Вице-министр Н. Әлтаев мырзаның сөзі айқын болу үшін Астана қаласы бойынша еңбек электронды порталына  биылға жылы 4589  кәсіпорын  тіркеліп, 4002 жұмыс іздеуші азаматтардың түйіндемелері салынған.

Байқапқаратын болсақ, қазіргі заманауи талапқа сай, Қазақстанның еңбек нарығында оңдинамика байқалады. Халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіштері артып, еңбекқұрылымдары жақсара түсуде және жұмыссыздық деңгейі де төмендеп келеді.Сондықтан да, Астаналық тұрғындарға, қала қонақтарына Халықты жұмыспен қамуорталығына барыңыздар, қалаған мамандықтарыңыз бойынша жұмыс табуға болатынынайтқымыз келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ