Бизнес идеяны жүзеге асыруға бола ма?

0
405

Бүгінгі өмір талабына сай, адамдар өзінің тұрақты жұмысында шектеліп қана қоймай, арықарай отбасының жағдайын реттегісі келсе, жеке бизнеспен айналысуға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Осы жерде кез келген адамның алдында бірнеше сауал туындайды. Оны неден бастау керек?Ақшаны қайдан аламын? Болашақта бизнесімді қалай жүзеге асырамын?… 
Бірақ, біздің сіздерге айтарымыз, барлығы идеядан басталады. 
Сіздің идеяңыз өалыптасып, толықтай жетілгеннен кейін – өз мүмкіндіктеріңізді, бәсекелестер мен тәуекелдерді талдауға кірісесіз. Нақты мүмкіндіктеріңізді бағаламаған жағдайда келеңсіз жағдайларға ұшырап, тығырықтан шығар жолды іздеп, тақырға отыруыңыз мүмкін. 
Сонымен қатар, сізге келесі жағдайларды бағалау керек: 
– сіздің бизнесіңізді қолдайтын адамдар шоғырын табу; 
– бизнесіңізді жүзеге асыру үшін ғимарат немесе арнайы құрылғылардың қажеттілігі; 
– қызметкерлердің қажеттілігі; 
– ақша қаражаттары немесе кредит мүмкіндіктерінің болуы. 
Жоғарыда келтірілген мысалдарды, яғни сіздің бизнес-идеяыңызды жүзеге асыруда мемлекет тарапынан қолдау көргіңіз келсе, төмендегі ақпараттарды білгеніңіз жөн деп санаймыз. 
1. Бизнес бастауға арналған Мемлекеттік гранттар іске қосылмайтын және қайтарылмайтын негізде бастаушы бизнесті жүзеге асыратын немесе жоспарлайтын Бағдарлама қатысушыларына беріледі; 
2. Мемлекеттік гранттар түрінде қолдау шаралары республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады; 
3. Мемлекеттік гранттарға үміткерлер «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздері бойынша негізгі курстарын аяқтаған немесе 2017-2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша оқып шыққан және басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық көмек алмаған азаматтар, көшіп келушілер және оралмандар қатыса алады; 
4. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 АЕК-не дейін беріледі; 
5. Мемлекеттік гранттар бизнеске қажетті жабдықтарды, құралдарды, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, мал мен құстарды сатып алуға жұмсалуы тиіс; 
6. Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарда, яғни несие қарыздарын өтеуге, тұрғын үйді сатып алуға және салуға, жерді сатып алуға, акцизделетін тауарларды өндіруге және жалға беру ақысы ретінде беруге рұқсат етілмейді; 
7. Қатысушы бір рет мемлекеттік грант алуға құқылы; 
8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру тәртібі Республика заңдарына сәйкес бекітілген мемлекеттік гранттар беру ережесінде айқындалады. 
Өзіңізге лайықты идеяны таңдап, өз бизнесіңізді тез және ауыртпалықсыз ашқыңыз келсе, мемлекеттік грант алу өте тиімді тәсілдердің бірі болып саналады. Бизнес-өмір кепілі! Болашағыңыз жарқын, ұрпақтарыңыз сәнді де, мәнді өмір сүрсін десеңіздер, мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыздар!  

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ