Жұмысқа қалай орналасуға болады?

0
249

Қазақстан Республикасы бойынша облыстың әр қалалық және аудандық орталықтарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында жұмыссыз халықты жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 199 жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, егер сіз жұмыссыз болсаңыз және жұмыспен қамту орталығы арқылы тіркелгіңіз келсе, заң жүзінде дереу жұмыссыз ретінде тіркеле алмайсыз. Ол үшін сіз, алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркелуіңіз қажет. Аталмыш құжатты жұмыспен қамту орталығынан тұрғындардың тұрғылықты жері бойынша немесе электрондық үкімет e-Gov арқылы алуға болады.
Ол үшін жұмыспен қамту орталығына төмендегі құжаттарды толықтыруыңыз қажет. Олар: жеке куәлік, еңбек кітапшасы, білім туралы диплом, біліктілік, арнайы білімнің болуы немесе кәсіби дайындық (болған жағдайда). Орталық құжаттарыңыз дұрыс толтырылған жағдайда тіркеуге қояды да, кейін сізге жұмыссыз адам ретінде тіркеу туралы куәлік беріледі. Егер, тіркеуге қою туралы мекеме тарапынан сізді тіркеуге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартса, ондай жағдайда бас тартудың себептерін түсіндіруді сұрауға құқығыңыз бар. Мемлекеттік қызмет тегін жүргізіледі.
Қандай жағдайларда сізден жұмыспен қамту орталығы бас тарта алады?
Егер сіз 16 жасқа толмаған жағдайда. Егер, 16 жасқа толмаған болсаңыз, заңды өкілдердің біреуінен қолыңызда қосымша жазбаша өтініш болуы керек.
Егер сіз жұмысқа мұқтаж болсаңыз, онда өзіңіз үшін жұмыспен қамту орталығына аптасына екі рет келуге мүмкіндігіңіз бар.
Егер сіз бір жерде жұмыс істесеңіз және сіздің табысыңыз болса, жұмыссыздар қатарына енбейсіз. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайда, қосымша табыс жасауға болады.
Егер сіз өзіңіз жұмыс тауып алған жағдайда, жұмыссыздар қатарынан босатылып, жұмыспен қамту орталығындағы тіркеуден шығарыласыз.
Егер, сізге жұмыспен қамту орталығы екі жұмыс ұсынып, одан бас тартқан жағдайда мекеме сізбен келісім шартты жояды. Халықты жұмыспен қамту орталығының шақыруына негізсіз бес жұмыс күнінде сізге табылған жұмысқа орналасудан бас тартатын болсаңыз немес өз еркіңізбен жұмыс іздеуді белсенді түрде жасамай тоқтататын болсаңыз, сонымен қатар, егер сіз сотталып, ұсталған немесе мәжбүрлеп емдеу орындарына жіберілген болсаңыз немесе қасақана жалған құжаттар әкелген жағдайда, онда сізді жұмыссыз деген тіркеуден шығарып, келесі жолы аталмыш мекемеге тіркеуге жіберілмейсіз.
Жұмыссыз деген тіркеуде болған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығыңыз бар. Заң жүзінде, жұмыссыздарға жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Сіз аталмыш мемлекет тарапынан жәрдемақыны, егер алдыңғы жұмысыңызда жұмыс беруші зейнетақы қорына жіберген болса, онда жәрдемақы алуыңызға болады. Жұмыссыз бойынша халыққа қызмет көрсету орнына тіркелген күнінен бастап, жұмыссыздар ретінде және бір-төрт айға дейін төлемдер беріліледі. Бұл сіздің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйеңізге қатысты көмектің бір түрі.
Сіз жұмыссыз деген мәртебен босатылғасын, бір айдан кейін әлеуметтік төлемдер төленбейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асуда. Бұл еңбек ресурстарының сапасын, еңбек нарығында сұранысқа ие және кәсіпкерлікті дамытуда кәсіптік дағдылар мен біліктілікті арттыруға бағытталған.
Бағдарлама жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін сала. Ол 2,5 жылға дейінгі жұмыссыз жастардың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі (оқу орындарында оқымаған мектеп бітірушілерін қосқанда). Бағдарлама талаптарына сәйкес 9-11 сынып оқушылары, оқу орындарына қабылданбаған тұлғалар ТжКБ жүйесінің қатысушылары болуы мүмкін; қысқа мерзімді курстардың студенттері – 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жұмыссыздар аталмыш бағдарламаға қатыса алады. Мемлекет біржолғы ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, шәкіртақы береді. Бүгінде таңда техникалық жіне кәсіптік бағдар бойынша 20 мыңнан астам жастар білім алуда.
Сондай-ақ, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бір айдан алты айға дейін жүргізіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтетін бағдарлама қатысушыларына шәкіртақы және жолақысы, жатақхана (басқа жақтан келгендер үшін) ақша беріледі. Қазіргі уақытта қысқа мерзімді курстарға 70 мыңнан астам адам жіберілді.
Мемлекеттік қолдау және материалдық көмек шеңберінде мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Басқа жақтан келгендердің жолақысы үшін – 4 АЕК мөлшерінде, 2018 жылы бұл сома 9620 теңгені құрады.
Ақмола облысы бойынша жұмыспен қамту орталықтары қысқа мерзімді курстарға 402 білім беру ұйымы мен 46 жұмыс берушілердің оқу орталықтарымен келісім-шарт жасасты, олар «Атамекен» ҰКП тізіміне енгізілді.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша елімізде сұранысқа ие мамандықтарды үйретеді. Ең алдымен, бұл техникалық мамандықтар: тракторшы-машинист, электрик, механик, жөндеу инженері, газ және электр дәнекерлеушісі, қызмет көрсету мамандықтары: шаштараз, сатушы, аспаз.
2018 жылы 2017-2021 жылдарға арналған өңірді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында шамамен 243 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовтың айтуынша, биылғы жылы бағдарламаны іске асыруға бөлінген 110,6 млрд.теңге жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары арқылы 571 мың азаматты еңбекпен жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда 290 мыңға жуық жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту шараларымен қамтылған, оның 243 мыңы жұмыспен қамтылған. Министр Мадина Әбілқасымованың айтуынша: еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаппай білім беру аясында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап, колледждерде 21 мың жас оқуға түсуге мүмкіншіліктері барын сөзіне тиек етті. Бұдан басқа, колледждері мен «Атамекен» ҰКП-ның оқу орталықтарының базасында 37,2 мың жұмыссыз азаматтарды оқыту жоспарлануда.
Бағдарламаның негізгі көрсеткіштері, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу болып табылады. Министр ханым айтқанындай, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтаған 9,5 мың адамның 50% -ы немесе 4,7 мың адам жұмысқа орналқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ