ЕЛІМІЗДІҢ РЕСУРСТАРЫН ҚОҚЫСҚА ТАСТАМАҢЫЗ!!!

0
49

Осыған дейін макулатура туралы айтылып , Нұр-сұлтан қаласындағы акциялар туралы сөз қозғалды. Бүгін осы акция ТК-Жағалауда өз жалғасын тапты. Тұрғындар мен балалар өздерінің толтырылған дәптерлері мен кітапшаларын алып келген. Бұл өз кезегінде толыққанды, қалыпты,нағыз шағын орта бизнес. Одан түскен табыс ай сайын 3 мың долларға жуық болуы əбден мүмкін. Есесіне инвестиция ең аз … сенбейсіз бе?! Мен айтып берейін. Кез келген екінші шикізатты жинау – бөтелкеден металл сынықтарына дейін – бұл өте жақсы бизнес. Əрі макулатура қолға түсе бермейтін де дүние емес. Кез келген қалада макулатураны сатып алатын фирмалар бар. Оны картон, дәретхана қағазын жасау және қалыпты қағазға қайта өңдеу үшін пайдаланады. Қандай да бір қабылдаушы алдымен сұрыптайды, ал кейбірі оны МПЗ-ға бағыттайды. Ал ол жерде оны мүлде басқа бағамен тапсырады. Осылайша сіз сұрыптау арқылы табиғатқа өз үлесіңізді қосып, экологияны жақсартумен қатар,өз қалтаңыздың да қамын ойлай аласыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ