КӨРШІМІЗ ҚОҚЫС…

0
28

«Жасыл сақшы» тобы Астана қаласының жанындағы Үркер шағын мөлтек ауданында заңсыз қоқыс орнын тапқан болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша аталмыш жер учаскесі «Business Time Astana» ЖШС-нің қарамағында. Мұнда құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қалдықтар араласып кеткен. Тиісті органдардың қаперінен қалып кеткен жағдайға кім жауап береді? Негізінен бұндай әрекеттер заң жүзінде жазаланады. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру 1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ