ҚР Білім және ғылым министрі

0
371

ҚР Білім және ғылым министрі
Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев мырзаға

Құрметті Ерлан Кенжеғалиұлы!

2014 жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған «Серпін» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірінен саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына зор мүмкіндік берері сөзсіз.
2016 жылдан бастап «Серпін» әлеуметтік жобасының үйлестірушісі болып «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызмет атқарып келеді.

«Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қоры үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуламитұлы Әбеновтың қолдауымен 2017 жылдан бастап «Серпін» Медиа орталығы қызмет атқаруда.

«Серпін» Медиа орталығы қызмет бағыты «Серпін» мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасын ақпараттық қолдау және насихаттау, ҚР бойынша білім және экономика саласындағы жағымды жаңалықтарды, атқарылып жатқан іс-шаралар ақпараттарын, білікті ұстаздар мен кәсіпкерлерді республика және халықаралық көлемдегі басылымдарда БАҚ арқылы насихаттау және жариялау болып табылады.

«Серпін» Медиа орталығы – Республикалық Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіндік орны бар ауқымды медиа-орталық. Біздің орталықта 11 (Он бір) біріккен ұйым бар, мысалы; оның құрамына 2 (Екі) халықаралық, 3 (Үш) республикалық журнал, Республикалық әдістемелік-педагогикалық «Serpin Education» журналы, Республикалық «Серпіліс» газеті, Республикалық «45minut.kz» басылымы, Metodist.kz Республикалық порталы, Отандық бизнесті дамыту әрі дәріптеу мақсатында құрылған Халықаралық «Қазақ brands» журналы т.б. кіреді. Барлық мақала қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.

«Серпін» Медиа орталығына ата-аналар тарапынан «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысты қойылған бірнеше сұрақтарға жауап берілуіне өтініш білдіремін.

Сұрақтар:

  1. «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 2017 жылға арналған оқуға түсу шарттары қандай және оқу шарттары туралы кеңінен жауап берілсе?

  2. «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша оқу орнын бітірген мамандардың тұрақты жұмысқа орналасуы қалай жүзеге асады?

  3. «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша оқу орнын бітірушілер мемлекет тарапынан міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі және жұмысқа орналаспаған бітірушінің дипломы жарамсыз болады» деген пікірлердің қаншалықты құқықтық негізі бар?

Құрметпен:
«СЕРПІН» МЕДИА ОРТАЛЫҒЫ»
РЕДАКТОР: І. Б. Нағиев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ