«Серпін» бағдарламасының түлектері жұмыспен қамтылды

0
253

Жуырда ғана маман иесі атанған серпіндіктер еліміздің түрлі өңірлерінде қызмет атқарып жатыр. Қарағанды Теміржол колледжінен түлеп ұшқан алты студент 2016 жылы білім ордасын тәмамдап, ҚТК директорының орынбасары Бауыржан Әмірбекұлы Алтынбеков мырзаның қолдауымен Шымкент қаласынан — Төребек Мелдеханов, Мейірбек Есімханов, Хамидбек Шамұратов, Аманжол Абдуашимов, Мұқағали Көгіл, Нағашыбек Абдубаев, Тараз қаласынан — Нұрсұлтан Шарипов пен Рахат Саттарқұлов, және Талдықорған қаласынан — Медет Хаметов мемлекеттік жұмыспен қамтылды. Олардың ішінен Қарағанды облысы Абай қаласында алты студент жол монтері, Шахтинскте екі жігіт монтер, Нұра ауданына қарасты Каучук ауылында машинист көмекшісі мамандықтарында жұмыс істеп жатыр. Серпін бағдарламасымен оқып, жұмысқа орналасқан Серпін түлектеріне сәттілік тілейміз!

СМО ақпарат

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ