Серпін жобасында сүйінші хабар

0
146

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің серпіндіктерінде естіртетін сүйінші хабар. Серпін жобасымен оқуға түскен Ерасыл Мырзабаев пен Айгерім Нұрбекова осыдан бір жыл бұрын шаңырақ көтерген болатын. Ақпанның 8-күні, біз білетін алғашқы серпін бүлдіршіні дүниеге келді. Серпін жобасы жан-жақты жоба, себебі білім гранты, жұмысқа орналастыру және шет елге білім алудан бөлек, бауырларымыздың ана-әке, ауылдағы әке-шешемізді әже-ата атануына себепкер болып отыр.
Бұл алдымен жас жұбайлардың қос әулетінің, одан кейін барша серпіндіктердің қуанышы.
Бүлдіршіннің есімі Мырзабаев Айқын Ерасылұлы.
Ерасыл мен Айгерімге отбасылық бақыт, баянды өмір тілей отырып, ерекше қуанышымен шын жүректен құттықтаймын.

СМО акпарат.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университетінің 1 курс студенті Әбсадық Ботагөз

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ