-18 C
Астана
Пятница, Декабрь 15, 2017
Мұрат Әбенов IT-технология саласы комитетін басқарады

Мұрат Әбенов IT-технология саласы комитетін басқарады

0
826
Белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің Төрағасы болып тағайындалды

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Ақпараттық-коммуникация және «жасыл» экономика комитетінің отырысы өтті. Жиын негізгі мәселелердің бірі Комитет пен экономиканың тиісті салаларындағы бизнес-қауымдастықтардың Үшінші модернизацияны жүзеге асыру бойынша міндетті анықтауға арналды.

Елбасы Жолдауында цифрлық технология негізінде жаңа индустрия құру бойынша маңызы айрықша бағыттар анықталған. Олардың ішінде келешегі зор салалар бар: 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, азаматтарға қызмет көрсетуде цифрлық сервис, коммуникацияны ілгерілету, оптикалық-талшықты инфрақұрылымға қолжетімділік. Бұл салаларды дамыту өзге де салаларға айтарлықтай ықпал етеді.

Ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындары мен ғылымды қажет ететін өндірістің өзара тиімді байланысы үшін қажетті жағдайларды жасамай, бұл міндеттерді шешу мүмкін емес. Бұл салалардың тиімділігі әлі де жеткіліксіз болып отыр, бизнес-инфрақұрылымы ғылыми орталықтармен тығыз байланыста емес, қаржылық ресурстар мен гранттарға барынша қолжетімділік жоқ. Трансферттік технология мәселесі де өзекті.

Инновациялық салаға тиімді бизнес-модельді– оны құрастырудан бастап тауарлар мен қызметтерді тұтынушыға жеткізгенге дейін енгізу қажет.

Адами капиталды жақсарту экономикалық дамудың бір шарты болып саналады. Білім беру жүйесінде сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен ақпаратты өздігінен іздеу машығын дамытуға, IT-білімді, қаржылық, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды түрлендірулерді жүргізу қажет. Жаппай кәсіпкерлікті, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау түйткілді мәселелерді бірі. Ол үшін кәсіпкерлікке деген қызығушылықты қалыптастыруда отбасылық тәрбиеден, мектепке дейінгі мекемелерден, мектептер мен колледждер, ЖОО мен ЖОО-дан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде кәсіпкерлікке оқытудың  бірыңғай жүйелі тәсілдері болу керек.

Жастардың бойында кәсіпкерлікке, әсіресе жұмыспен қамту мәселесі түйткілді орын алған ауылдық жерде бизнеспен айналысуға деген қызығушылықты ояту бизнес-қауымдастықтың жеке міндеті болып саналады.

Осыған орай, жеке білім беру мекемелерінің мәні артып отыр. Бүгінде олардың қатарында 400-ден астам колледждер, елу университет, мыңдаған балабақша, дамыту, қосымша білім беру, тренингтік орталықтары, кәсіби шеберлік курстары бар.

Автоматтандыру енгізілетін салаларда жұмысшылардың босап қалуы күтілетіндіктен, жұмыссыз қалған мамандардың қайта оқыту бойынша білім беру инфрақұрылымын құру мәселелері туындайды. Ал мұны жеке меншік білім беру мекемелері мен білім беру саласымен айналысатын бизнес-құрылымның, оның ішінде МЖС түрлерінің қатысуынсыз енгізу мүмкін емес.

Соңғы жылдары жеке меншік білім беру мекемелері азаматтарға қызмет көрсететін, мыңдаған жқмыс орнын құратын, бюджетке тұрақты табыс әкелетін экономиканың маңызды саласына айналды.

Бұл мекемелердің тиімді қызметі адами капиталды қалыптастыруда маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Комитет мүшелері инновацияны енгізу, ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту, бинес-құрылымға біліктілігі жоғары маман дайындау, білім беретін жеке меншік мекемелер қызметінің тиімділігі үшін жағдай жасау, жастардың бойынша кәсіпкерлік машықты қалыптастыру өте маңызды деп пікір білдіріп, оларды дамыту үшін жүйелі тәсіл керектігін алға тартты.

Комитет мүшелері экономиканы модернизациялауды жүзеге асыруда бизнес-қоғамдастықтың алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, қосымша қызмет бағыттарын қосуға шешім қабылдады:

— бизнес-құрылым үшін, оның ішінде кәсіпкерлік және бизнес білімін жетілдіру мәселелеріне қатысты маман дайындау бойынша білім беру жүйесін дамытуға жәрдемдесу;

— қоғамда кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, жастарды бизнеспен айналысуға тарту;

— БАҚ, медиа алаңды, интернет пен баспа ісін дамыту;

— ғылыми мекемелер мен ғылымды қажет ететін өндірістің өзара тығыз әрекетіне септесу, интеллектуалдық меншікті, тауарлық белгілер мен авторлық құқықты қорғау.

Осыған орай Комитет атауын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация Комитеті» деп жаңаша бекіту туралы шешім шығарылды.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация Комитетінің төрағасы болйып бірауыздан белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сайланды.

Бизнес-қауымдастықтардың өкілдері – Комитет мүшелері жаңа бағыттағы қызметіне табыс тіледі.

Анықтама: Мұрат Әбенов, 51 жаста, ҚР Параламенті Мәжілісінің 4, 5-шақырылымының депутаты, Білім және ғылым вице-министрі болған, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесін басқарған. Сонымен қатар, «SERPIN» Ұлттық білім ассоцациясына басшылық жасаған. Соңғы лауазымдық қызметі – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.

«Серпін» әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің Төрағасы.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ