«Іскерлік журналистика мектебі» жобасы аяқталды

0
574

Алматыда медиа саласындағы бірегей жобалардың бірі — «Іскерлік журналистика мектебі» аяқталып, түлектерін марапаттау шарасы өтті. Биыл мектепті 32 жас журналист аяқтап, 8-і 7kun.kz ақпараттық агенттігіндегі жұмыс істей бастады.

Қаржы, экономика, бизнес тақырыптарында жазатын жас журналистер ортасын қалыпnастыруды мақсат тұтатын жоба 2016 жылы 3 ай бойы өткізілді. Осы уақыт аралығында мектеп студенттеріне ірі банктердің, қаржы ұйымдарының басшылары және тәжірибелі журналистері дәріс өткізді. Олардың қатарында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Бірінші кредиттік бюро, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, Исламдық қаржы дамыту
қауымдастығын, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», Статистика комитеті, «Қазақстан қор биржасы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ өкілдері мен танымал журналистер, кәсіпкерлер бар. Мектеп тыңдаушылары 7kun.kz іскер жаңалықтар сайтынан тәжірибеден өтіп, материалдарын жарялады.
Жоба жетекшісі Ербол Азанбектің айтуынша, мектеп түлектерімен жұмыс ары қарай жалғасады. 8 студент 7kun.kz сайтының штатына жұмысқа алынса, өзгелері түрлі жобаларға қатысуына қолдау көрсетіледі. «Қазіргі кезде іскерлік журналистиканың ақсап жатқаны рас. «Іскерік журналистика мектебінің» түлектері осы оқылықтың орнын толтырып, қазақ тілінде қаржы, экономика және бизнес тақырыбындағы контенттің көбеюіне ықпалын тигізеді деп ойлаймыз», — деді ол.

Қаржылық сауаттылықты арттырумен айналысатын ұйым құрылады

Елімізде қаржылық сауаттылығын арттырумен айналысатын қоғамдық қор құрылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Іскерлік журналистика мектебінің» түлектерін марапаттау рәсімінде «Qazaq Media Group» компаниясының директоры Ербол Азанбек айтты.

«Қор іскерлік журналистиканы дамытумен қатар, қазақ аудиториясының қаржылық сауаттын арттыруға мән береді. Биыл қазақ тілінде, түсінікті тілмен жазылған «Банк клиентінің анықтамалығы», «Отбасылық бюджет» атты кітапшаларды жарыққа шығармақпыз. Адамдар банкке барғанда, кредит аларда, депозит ашарда нені білуі керек, олар туралы ақпаратты қайдан ала-алады, түрлі проблемалар туындағанда не істеуі керек?! Кітапшалар осы бағыта ақпарат береді. Сонымен қатар қаржы, экономика, бизнес тақырыбында жазатын жас журналистерді дайындауды жалғастырамыз», — деді ол.

Қосымша ақпарат үшін.: +77017564243

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ