«Ustudy» компаниясының білім саласындағы қызметі

0
506

Назарларыңызға «Ustudy» компаниясы Қарағанды филиалының директоры Рахат Тұрарұлы ағамыз берген сұбатын ұсынамыз.

– Рахат мырза, алғашқы сауал өзіңіз басшылық етіп отырған компания жайлы болсын, сол жөнінде айтып өтсеңіз?
– «Ustudy» компаниясы 2009 жылдан бастау алып, қазіргі таңда білім саласында өз қызметін ұсынып келеді. Біздің мақсатымыз – еліміздің білім саласына, өзіміздің болашағымызға қандай да бір көмек тигізу. Және де ұсынып отырған қызмет түрлеріміз тұтынушыларға ыңғайлы қызықты болғанын қалаймыз. Орталығымызды құрмас бұрын біз, әлемдік деңгейдегі дамыған компанияларды зерттеп, өз жобамызды іске асыруға көштік. Әрбір орталығымыз ашық, жарқын әрі қолдануға өте қолайлы деп ойлаймыз. Компания 2018 жылға дейін Қазақстан аумағында 50 тест орталығын ашу ойымызда бар. Сонымен қатар, алыс-жақын шетелдегі қандастарымызға еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін көмек қолын созу да жоспарларымыздың арасында. «Ustudy» басшылығының білім саласына жасап жатқан инвестициясы ел тарихындағы тұңғыш қомақты жеке инвестиция! Қалыптасқан дағды бойынша орталықтарымыздың ашылуына қала және облыс басшылығы келеді. Өйткені компанияның аймаққа жасап жатқан инвестициясы қалай болса да аймақ басшылығының назарынан тыс қалмайтыны анық. Қарағанды қаласындағы филиалымыздың ашылу салтанатына облыс әкімі Әбдібеков Н.Қ., облыс әкімінің орынбасары Әбішев Ж.А., қала әкімі Әубәкіров Н.Е., облыстық білім басқармасының басшысы Аймағамбетов Қ.А., қалалық білім бөлімінің басшысы Жекебаев Д.Ш. және қала мектептерінің директорлары қатысқан болатын. Мен жалпы алғанда бұл салада сегіз жылдан аса қызмет етіп келемін. Бұл саланың қыр-сырын толық меңгердім деп айта аламын. Сондықтан да білім саласында орын алып жатқан игі өзгерістерге оң көзқарастамын.

– Игі бастамаларды оң жолға қоя білген компанияның артықшылығы неде?
– Қазіргі уақытта компаниямыз кеңейіп, соның арқасында еліміздің шығыс, батыс, оңтүстік аймақтарында өз филиалдарымызды іске қостық. Наурыз айына дейін еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жеке, дара, жарқын өз орталықтарымызды іске қосу жоспарланып отыр. Біз ұсынып отырған қызмет, ҰБТ тапсырушы түлектерге көмек ретінде сынама тестілеулер өткізу. Сынама тест тапсыра отырып олар, өз білімдерінің олқылықтарына көз жеткізіп, қай жерден қателік жібергендерін көре алады. Және де мұндай аналитикалық есептеме әр оқушыға, ұстазға, мектеп басшысына және білім басқармасына табысталады. Осылайша әр облыс, аудан, мектеп, оқушы өз білімс деңгейлерін біле алады. Біздің мақсат – әрқашан алға ұмтылу, қандай да толықтыратын тұстарымыз болса, жетілдіре түсу. Орталықтарымызда тек қана сынама тест тапсырып қана қоймай, мектеп пәндеріне, ағылшын тіліне қатысты қосымша дәрістер ала алады. Ол үшін әр орталығымызда бөлек сыныптар бар. Орталығымызда халықаралық деңгейде өткізілетін TOEFL, TOIEC емтихандарын тапсырып, сертификат алуға болады. Қандай да бір жетістікке жету үшін, бірінші ішкі құрылым жоғарғы деңгейде болуы тиіс. Осы мақсатта әр ай сайын біз барлық қызметкерлер арасында кітап жарыс ұйымдастырып, көптеген кітап оқимыз. Әркім жеке тәжірибесімен бөлісіп, өз кеңесін береді. Басты жұмыс барысымыз мектеп оқушыларына тиімді қолду тигізіп, қандай да емтиханға жетік дайындалуы үшін жағдай жасау. Оқушыларымыз, студенттеріміз жан-жақты болып өзінің ой-өрісін кеңейту. Және де еліміздің болашағы айқын, биік әрі ақылды болуы біз үшін маңызды.

– Бақталастық жөнінде не айтасыз?
– Бүгінгі таңда атқарып жатқан жобаларыңыз жайлы тілге тиек етсеңіз? Білім саласында бәсекелесіміз болса біз қуанамыз. Дәл осындай тестілеулер жүргізіп, оқушыларға көмегін тигізіп жатса көңіл қуантарлық жағдай. Себебі болашақта білімнің қажеттілігін қазірде мойынсұна бастады десек болады. Бәскелес компанияларға қарап, біз өз кемшіліктерімізді ұштай түсеміз. Тағы бір ескеретіні Қарағанды қаласындағы орталығымыз ашылғалы бері, мектептермен тығыз жұмыс жасап келеміз. Оқушылар сынама тесттер тапсырып, өз нәтижелерні қол жеткізуде. Бұнымен тоқтап қана қоймай, алдағы уақытқа қойылған жоспар, жобаларымыз бар. Алла қаласа, оған да жетерміз.
Қазіргі таңда ҰБТ жаңа форматындағы емтихандарын Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып алғашқылардың бірі болып біз ұсынып жатқан жайымыз бар.

– Ұлы дала елі перзентінің қандай арманы бар?
– Еліміздің патриоты ретінде әрбір Қазақстан азаматының сапалы білімге сусындап, одан нәр алып, әлемді дүрсілкіндіретін тамаша пайдалы жаңалықтардың басында тұруларын қалаймын. Өз басым осыған сүбелі үлесімді қоссам, басқа арманым жоқ!

– Қызықты сұхбатыныңыз үшін алғыс білдіремін. Рақмет.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ