«QABYLET» оқу-әдістемелік орталығы

0
170

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті, әдістеме ғылымының магистрі, «QABYLET» оқу-әдістемелік орталығының жетекшісі Оспанова Дана Ерікқызымен сұхбаттасу сәті түсті.

– Дана ханым, еңбек жолыңыз жайлы айтсаңыз?
– 1996 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қалалық қазақ гимназиясын үздік аттестатқа тәмәмдадым. 1996 — 1999жылдары Ілияс Жансүгіров атындағы Талдықорған университеті қазақ филологиясы факультетінің студенті болдым. 1999 жылдың қаңтарында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ауысып, 2000 жылы бітірдім. Сол жылы аталмыш университеттің қазіргі қазақ тілі және әдістемесі кафедрасының магистратурасына түсіп, 2002 жылы үздік дипломға аяқтап шықтым. «Республикалық Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын дарынды балаларға арналған орта мектеп-интернатында» 1999-2003 жылдары қазақ тілі және әдебиеті, стилистика пәндерінен сабақ бердім. Талдықорғандағы «Бизнес, құқық және жаңа технологиялар» колледжінде қазақ тілін оқыту әдістемесі, жаңа педагогикалық технология, қазіргі қазақ тілінің теориясы, өзін-өзі тану пәндерінің оқытушысы болдым. Төрт жылға жуық «Асыл арна» телеарнасы, «Зерек» интеллектуалдық-танымдық бағдарламасының редакторы болып, кейіннен «Ақжаулық» бағдарламасының жүргізушісі болып қызмет атқарып, бала күнгі «журналист» болсам деген арманыма жеттім. Соңғы үш-төрт жылда «Алатау» газетінде тілшісі, «Тұрғынүйжинақбанкінде» агент-консультант, «Дәстүр-той» қыз ұзату шоу-агенттігінің ұйымдастырушысы, «Мэри кейде» кеңесші, Ораторлық өнер бойынша репетитор болдым. Түрлі ортада қызмет істей келе ораторлық өнердің өте қажет өнер екенін және адамдарға керек екенін түсіндім. Ал, мен бұл сала бойынша 15 жылдан бері шеберлік-дəрісін, семинар-тренингтер беріп келемін.

– «QABYLET» оқу-әдістемелік орталығы жайлы қысқаша айтып өтсеңіз?
– Қазіргі қоғам нағыз ізденушілер ғасыры десем қателеспеген болар едім. Өйткені бүгінгі таңда оқимын, үйренемін деген адамның білім алуына барлық жағдай жасалып отыр. «QABYLET» оқу-әдістемелік орталығын соған бір мысал деп қарастырайық. Бізге келген курс оқырманы біріншіден, ораторлық өнерді дамыта алады, екіншіден, қазақ тілін үйретеміз, егер қатысушылар мұғалімдер болса, әдістемелік көмек түрлерін ұсынамыз. Сондай-ақ, орталықтың бір артықшылығы – курстар, тренингтердің 80 пайызы практикалық түрде өткізіледі. Жаңа технологияны пайдалана отырып жұмыс жасаймыз.

– Өмірлік ұстанымыңыз, бәсекеде жеңіске жету үшін адам қандай болуы керек?
– ХХІ ғасырда өз көшіңнің басшысы болу үшін, сөзіңмен айналадағы адамдарды баурап алу қабілетіне ие болуың керек. Және адам ең алдымен өзін, ұлтын, елін сүюі тиіс. Сондықтан халықты ағарту жолында еңбек етуге барымды саламын.

–Сұхбат үшін рақмет! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ