ТОЛЫҒЫРАҚ

0
521

CЕРПІН PROJECT

2014 жылдан бастап  жүзеге асырыла бастаған «Серпін» әлеуметтік  жобасы бүгінде  еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірінен саналады.  Қазір  халықтың   жобаға деген қызығушылығы орасан зор.   Бұл жоба жастардың  сапалы  білім алып,  тұрақты жұмыс табуына  зор мүмкіндік  берері сөзсіз.

  • 2014  жоба  бойынша 2050 азамат;
  • 2015 жылы 6200 адам;
  • 2016 жылы 11 296 болды.

Демек, «Серпін»  жобасы қанатын кеңге жайды.

Бұл жобаның үш маңызды тұсы бар. Біреуі индустриалды-инновациялық жобаларға мамандарды даярлау:

  • жұмыс күші мол аймақтардағы жастарға сұранысқа ие кәсіби білім беруді ұйымдастыру;
  • жұмыс күші мол аймақтардағы жастарды жұмыс күші тапшы аймақтардағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуға тарту;

Екіншісі,  кәсіптік бейімделу:

  • қоғамды «Серпін» жобасын іске асыру барысымен ақпараттандыру;
  • техникалық және кәсіптік білім берудің беделін арттыру;
  • жастардың жұмысшы кәсіптер (мамандықтар) алуға деген оң көзқарасын қалыптастыру;

Үшіншісі, жастардың әлеуеттік және жұмыссыздық мәселелерін шешу:

  • жоба түлектерін жұмыс күші тапшы аймақтарда жұмысқа орналастыруға ықпал ету;
  • жастардың еңбекпен және жұмыспен қамту саласындағы жағдайларының қамтамасыз етілуі;
  • ішкі мигранттардың бейімделуіне жағдай жасау;
  • жастардың тұрғын-үй мәселесін шешу тетіктерін әзірлеу.

Серпін жобасына  Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатыса алады. Жоғары оқу орнына түсу үшін түлектер  ҰБТ немесе кешенді тестлеуге қатысуы  тиіс. ҰБТ мен  кешенді тестлеуден кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Бұл  төменгі шектік деңгей. Сонымен бірге,  төртінші таңдау пәні   ретінде алған пән бойынша  ұпайы жақсы болуы керек. Төртінші пән бойынша жинаған ұпайы  өте төмен болса,   таңдаған мамандығына оқуға түсуге  мүмкіндіктері болмайды. Бұл шарт жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерге ғана қатысты. Ал, колледждер үшін мұндай шарт жоқ. Дегенмен, колледждерге де қабылдау емтиханы  болады. Колледждерге  жоғары оқу орындарына түсе алмаған және 2-3 жыл бұрын оқу бітіріп, грант иегері атана алмаған , ақылы бөлім бітірген азаматтар осы арнаулы орта оқу  орындарын таңдауларына  болады. Сонымен бірге,   жобаға қатысқысы келетіндердің жасына  шектеу қойылмайды. Мәселен, «Серпін» арқылы 30 жастан асқан ерлі-зайыпты азаматтар да оқуға түсіп, қазір білім алуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ