Сен өз бизнесіңді ашқың келеді ме? Сен 18 бен 29 жас аралығындағы Астана қаласының тұрғыны немесе Серпін бағдарламасының түлегісің бе?
Онда #SerpinStartUP жобасы СЕН үшін!
Сенің 1 000 000 тг. дейін өз бизнес жобаңа инвестор табуға мүмкіндігің бар!
16-26 шілде аралығында Астана қаласының жастары мен Серпін бағдарламасының түлектері өздерінің бизнес жобаларын serpinstartup@gmail.com эл.поштасына жібере алады.
Одан іріктеліп алынған ең үздік жобалар бизнес саласының менторларынан тәлім алып, инвесторлар алдында бизнес жобасын қорғайды.
Инвесторлар тарапынан озып шыққан бизнес жоба қаржыландырылады.
Жобаға қатысу үшін төмендегідей талаптар орындалуы қажет:
-
Жеке куәлік көшірмесі;
-
Бизнес жоспар:
-
жобаның қаржыландыру көлемі 1 000 000 теңгеден аспауы қажет;
-
қаржының қайтарылу мерзімі көрсетілуі керек;
-
қанша жұмыс орны ашылады?
-
қанша серпіндік жұмыспен қамтылады?
-
-
Жоба презентациясы;
-
Мотивациялық эссе:
-
не себепті жобаға қатысқыңыз келеді?
-
сіздің жобаңыз несімен ерекше?
-
осы жобадан қандай нәтиже күтесіз?
-