“SERPIN STARTUP” жобасына құжат қабылдаудың аяқталуына 3 күн қалды

0
1307

Сен өз бизнесіңді ашқың келеді ме? Сен 18 бен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматы немесе Серпін бағдарламасының түлегісің бе?
Онда #SerpinStartUP жобасы СЕН үшін!


Сенің 1 000 000 тг. дейін өз бизнес жобаңа инвестор табуға мүмкіндігің бар!
16-26 шілде аралығында Қазақстан жастары мен Серпін бағдарламасының түлектері өздерінің бизнес жобаларын serpinstartup@gmail.com эл.поштасына жібере алады. Бизнес Астана қаласының аумағында жүзеге асуы қажет.
Одан іріктеліп алынған ең үздік жобалар бизнес саласының менторларынан тәлім алып, инвесторлар алдында бизнес жобасын қорғайды.
Инвесторлар тарапынан озып шыққан бизнес жоба қаржыландырылады.

Жобаға қатысу үшін төмендегідей талаптар орындалуы қажет:

  1. Жеке куәлік көшірмесі;
  2. Бизнес жоспар:
    • жобаның қаржыландыру көлемі 1 000 000 теңгеден аспауы қажет;
    • қаржының қайтарылу мерзімі көрсетілуі керек;
    • қанша жұмыс орны ашылады?
    • қанша серпіндік жұмыспен қамтылады?
  3. Жоба презентациясы;
  4. Мотивациялық эссе:
    • не себепті жобаға қатысқыңыз келеді?
    • сіздің жобаңыз несімен ерекше?
    • осы жобадан қандай нәтиже күтесіз?

Толық ақпаратты 8 (708) 788 51 58 телефонынан біле аласыз.
Құжаттарды қабылдау 26 шілде күніне дейін жалғасады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ