«Serpin StartUP» жобасы өз мәресіне жетті

0
931

Барлықтарыңызға белгілі, «Серпін» ұлттық әлеуметтік даму қоры 2017 жылдың 16 мен 26 шілде күндері аралығында өз бизнесін бастығысы келетін жастарға қолдау көрсету мақсатында «Serpin StartUP» жобасын бастаған еді.
Бүгін «Serpin StartUP» жобасы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар анықталды.
1-орынды қыштан әртүрлі кәдесый жасауға бағытталған «Art Orda» жобасын ұсынған Биназир Сұлтан иеленді. Оның айтуынша, жоба басты мақсаты қазақтың қыштан жасалатын құмыра және музыкалық аспаптарын шығару арқылы елордамыз Астана қаласының туристік потенциалын арттыру екен.
2-орынды 3D-форматында фотосуреттер және әртүрлі бағыттағы бейнероликтер дайындайтын «Арман Fly» жобасымен Асхат Асқаров жеңді. Жоба барысында ол әлеуметтік, коммерциялық фотосуреттер мен бейнероликтер дайындауды көздейді.
Ендігі кезекте, «Серпін» ұлттық әлеуметтік даму қоры жеңімпаздардың жобасын әрі қарай дамытып, олармен бірге еңбенетін инвесторларды тартуға көмектесетін болады.
Жобалар туралы толығырақ алдағы уақытта материалдар шығарамыз.
#SerpinStartUP #Serpin #Серпін #Бизнес #Жастар #Астана #ArtOrda #АрманFly

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ