0
808

Сен жоғары оқу орнында білім алғың келсе?

Сен бизнес жүргізудің негіздерін үйренгің келсе?

Онда биылдан бастап алғаш рет «Serpin» білім және инновация ұлттық палатасы бизнеске қабілеті бар талантты жастардың жоғары оқу орнында білім алуын қолдау мақсатында «Serpin IskerMen» жобасын жүзеге асырады. Жоба барысында Алматы қаласындағы еліміздегі үздік бизнес-оқу орны – #AlmaU университетімен бірлесе отырып, «бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша тегін 5 грантқа конкурс жариялаймыз.

Грант иегеріне 4 жыл бойы 100% оқуының ақысы төленеді. Оқуға түскен жағдайда сабағының үлгеріміне қарай Екі дипломтық бағдарлама бойынша Франция, Оңтүстік Корея елдерінде білім алуға мүмкіндік болады.

Грант арқылы оқуға түсуге үміткерлерге төмендегідей талаптар қойылады:

  •  ҰБТ, КТА қорытындысын растайтын сертификат болуы міндетті. Мектеп түлектері география және математика пәндерін таңдаса, ал колледж түлектері «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірсе конкурсқа қатыса алады;

  • Жетістіктері, грамота және сертификаттары (оқуда, өнерде, спорттық және қоғамдық жұмыстарда) көрсетілуі керек;

  • Ұсыным хат (мектеп басшылығынан) ұсынылу қажет;

  • «Неліктен сен «бизнес және менеджмент» мамандығы бойынша грант алуға тиіссің?»;

  • «Сен оқу барысында қандай бизнес жобаны іске асырғың келеді?» соның ішінде:

    • Неліктен сен бұл жобаны іске асыру қажетсің?

    • Ол үшін сенің қандай қабілеттерің бар?

    • Жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстарды қайдан аласың?

    • Бизнесті қандай заң нормаларына сүйеніп жүзеге асырасың?

    • Бизнес келешекте қандай жетістіктерге жетеді?

  • «Ұзақ және қысқа мерзімде сенің бизнес жобаң қоғамға қандай пайда алып келеді?»; тақырыбтарына эссе жазу (2 бетте) және бейнеролик (mp4 форматы, ұзақтығы 5 минутқа дейін) түсіру керек;

Эссе мен видеоны fund@serpin.info электронды поштасына 18 тамыз 15.00-ге дейін жіберуіңіз қажет.

Үміткерлердің құжаттарын қабылдау 18 тамызда аяқталады.

Бұл сенің мүмкіндігің! Әрекет ет!

Арманыңа қол соз!

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ