#АқылЖастан #ҚоқысТастау #Астана #GreenSaqshy

0
147

Жыл сайын миллиондаған тонна қоқыс қоршаған ортаны ластап қана қоймай, адамның өміріне қауіп төндіріп отыр. Бүкіл әлемді алаңдатқан бұл мәселені қоқысты бөліп жинау және қайта өңдеу арқылы шешуге болады.
Мысалы, Астана қаласындағы үйлердің аумағында қоқысты бөліп тастау үшін әр түрлі контейнерлер (электрлі шамдарға, пластмасса ыдыстарға, т.б.) орнатылған. Алайда, тұрғындар кұнделікті тіршілікте қоқысты бөліп жинауды тиімсіз әрі пайдасыз деп ойлап, аса мән бермейді. Осыдан, он – он бес жыл бұрын Америка Құрама штаттарының халқы қоқысты бөліп жинауды біз секілді бос әурешілік деп есептесе, қазіргі таңда оның тиімді тұстарын көріп отыр. Тіпті, олар қоқысты бөліп жинақтауға арналған мерекелік күндерін өткізеді. Сонымен қатар, АҚШ-та соңғы онжылдықта «RRR – Reduce, Reuse and Recycle» (мағынасы:азайту, қайта пайдалану, қайта өңдеу) Жалпыұлттық бағдарламасы іске асуда. Бағдарламаға сәйкес олар 2020 жылға 20 млн. тонна қоқысты қайта өңдеп, қоқыс полигондарын азайтылуы күтілуде. АҚШ-та қоқысты бөліп жинау әрбір азаматтың күнделікті тіршілігінің бір бөлігіне айналып кеткен.
Бізде олардың озық тәжірибесін пайдалана отырып, қоқысты бөліп жинау арқылы еліміздің экологиясына орасан зор үлес қосатынымызға сезінуіміз қажет. Өйткені, жыл сайын Астана қаласының өзінде 150 мыңға жуық тонна қоқыс шығарылады.
Осы орайда, #GreenSaqshy жастар экологиялық қозғалысының тұрғындарды қоқысты бөліп жинау мәселесі бойынша шараларын әрқашан қолдауға дайынмын.
#AstanaOpen 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ