“СЕРПІН” СЕРПІЛІСІН ЕНДІ БАСТАДЫ

0
123

#ЖаңаСерпін #2017 #ЖаңаБағыт #Танымгер #Тамыр #Тану #Таңдау #Білген #Іскермен #Серпіліс

Осыдан 3 жыл бұрын туу көрсеткіші жоғары, жұмыссыздық проблемасы етек жайған облыстардың жастары #Серпіліс алсын деген мақсатта, кадр тапшылығы белең алып тұрған аймақтарда #Серпін бағдарламасын іске қосып, жүзеге асыра бастадық. Жоба бойынша тегін оқу гранттары мен қатар, әлеуметтік көмек (шәкіртақы, жол шығыны, жатақхана, қыстық киім, 3 мезгіл ыстық тамақ) және де толықтай жұмысқа орналасу мүмкіндігі қамтылған болатын. Тіпті оқуға тапсырушылардың жас шамасы да шектелмеді. Бастапқыда 2014-2015 оқу жылына #Серпінге 2050 білім гранты ғана бөлінсе, 2015-2016 жылы гранттардың саны 6200 жетті. Ал бүгінгі күні бағдарламамен #12000 студент техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, мал дәрігері, медицина мамандықтары бойынша білім алып жатыр.

Алғащқыда бұл жоба жастардың білім алуға деген құштарлығын тудырды. Оның үстіне кәсіптік-техникалық мамандықтарға оң көзқарас қалыптасып, балалар көбіне сол оқып жүрген өңірлерінде жұмыс істеп, тәжірибелерін жалғастырды. Бірақ мына мәселені байқап, олардың өзінің ерекшеліктерін анықтап, жаны қалаған шешімді таңдауға деген мүмкіндігін шектейтінімізге көзіміз жетті. Өйткені оқуға тапсыратын балалардың барлығы дерлік мамандық таңдауға келгенде қиналып, тіпті болашақтағы өздерін елестете де алмайды. Дәл сол кезде Біз аурудың неден туындап тұрғанын емес, тек оның салдарымен күресіп жатқанымызды түсіндік.

Осыған байланысты биылғы жылдан бастап #Серпін бағдарламасы жаңаша, 4 бағыт бойынша жұмыс жасайды. ОЛ #Танымгер #Білген #Іскермен және де #Серпіліс. #Танымгердің өзі #Тамыр #Тану #Таңдау бойынша жүзеге асады. Біз енді барлығын да #Тамырдан бастаймыз! Яғни бала өзінің ерекшеліктерін, қандай нәрсеге икемі бар екенін, жеті атасын, яғни тегін біліп, зерттеу арқылы, келесі саты, өз-өзін #Тануға көшеді…

#ЖУЫРДА #ЖаңаСерпін

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ