ЖАҢА СЕРПІН

0
117

#ЖаңаСерпін #2017 #4бағыт #Танымгер #Тамыр #Тану #Таңдау #Білген #Іскермен

Қанша айтылғанымен де, #Серпінде бір ғана негізгі мақсат болды – ол жастар өз бағытын дұрыс таңдаса екен деген. Бұл жоба қажет болды, Біз оған зәру болдық! Жыл сайын берілетін оқу гранттары да, жобаға қатысушы университеттер мен колледждердің де саны артып отырды. Бастапқыда 7 университет пен 25 колледж болса, қазір 22 университет, 54 колледж жобаға өз үлестерін қосып жатыр.

Әрине, бағдарламаның құрылғанына небәрі 3-ақ жыл. Кемшіліктер жоқ деп айтпаймын, Бар! Әсіресе оқуды тәмамдаған соң балаларды 100% жұмыспен қамту мәселесі толықтай орындалмай жатыр. 2016 жылы жоба бойынша білім алғандардың 55,2% жұмысқа орналастырылды. Ал балалардың 36% оқуларын жалғастырды. 2017 жылы болса, 1007 түлектің 48,6% жұмысқа орналасса, 46% оқуларын әрі қарай жалғастырды. Қазір бұл жастарды толықтай жұмыспен қамти алмай отырмыз. Оың басты себебі, балалардың басым көпшілігі мамандығын таңдар алдында таңдау жасауға қиналып, өзінің ерекшеліктері, мінезі, қызығушылығын, икемін анықтай алмай, қай салаға машықтанатынына бірақ қиналады. Әрине осындай мәселеден кейін, оқуын тәмамдаған жастың сол мамандық бойынша жұмыс істегісі келмейтіні белгілі. Өйткені ол оның жан дүниесіне келмейді..

Сол себепті #Серпін енді жаңа #4бағыт бойынша, мәселенің түпкі шығу себептерімен жұмыс жасайды. Бастапқы кездегі тегін оқу гранттары мен әлеуметтік көмек жасау арқылы, Біз түпкі мәселені шеше алмасақ, енді #Серпін жаңа 4 бағыт бойынша, өзінің серпілісін бастайды. Ол – #Танымгер #Білген #Іскермен және #Серпіліс.

Бала ата-тегін,  #Тамырын білмейінше, өзінде қандай қабілеттер мен ерекшеліктері бар екенін білмейді. Өйткені ол өзін, не біз оны басқа бағытта көреміз, басқа жерден іздейміз, ал шын мәнінде оның иекемі мен қызығушылығы мүлдем басқада. Сол себепті бала ең бірінші қайдан шыққанын, тегін, тектік ерекшелектерін анықтағаннан кейін барып, өз-өзін #Тану сатысына көшеді. Яғни өзін жоба ретінде қарастырып, жан-жақты зерттеп, әлсіз және мықты тұстарын тізіп, дағдыларын қалыптастыруға икемделеді. Бұл арқылы, ол өзінің қасиеттері, мінезіне анализ жасап, #Таңдау сатысынан өтеді.

Бұл сатыдан соң жас #Білген бағыты бойынша жұмыс жасайды. Осыған дейін ол тегін, өз-өзін таныса, енді сол өзіндік ерекшеліктерін, мінезін, бір нәрсеге деген иекемділігін, қызығушылығын іс жүзінде қалай, қай бағытта қолдану керек екенін #Білуге талпынады. Бүгінгі күннің басты проблемасы да сол, балалар оқыған білімін практика жүзінде іске асыра алмайды. Яғни жаттанды білім. Оқылған дүние, оқылған жерінде қалады. Ал #Білгенде ол нақты өзінің қасиеттерін, оқығанын қай бағытта қолдану керек екенін зерттейді және соған талпынады, іс жүзінде жүзеге асырады. Яғни бұл арқылы біз ойлаған бала бала емес, ересек, өмірде өз орнын қай жерден іздейтінін, тұлғалық қасиеттері қалыптаса бастаған азаматқа айналады.

Келесі бағыт #Іскермен. Өзін танып, икемдерін анықтап, дағдыларын қалыптастырып, бағытын анықтап, нақты әрекетке көшкеннен кейін жас #Іскерменге айналады. Бұл бағыт нақты әрекетке сүйенеді. Яғни ол уақытты тиімді пайдаланып, нақты жоспарды бірге іске асыратын командамен жұмыс жасауды үйренеді. Және де уақыт өте келе өзінің командасын жинақтай бастайды.

Осы бағыттардан кейін, біз айтып кеткен сенімсіз, өзін, тегін танымайтын, бағытын анықтай алмай жүрген бала, енді өзгерістерге дайын, қиыншылықтан қашпайтын, өз-өзіне сенімді, өзінің мықты тұстарын қолдана білетін, оқығанын жүзеге асыратын, тұлғалық қасиеті бар #Іскермен Серпіліс жасайды!!!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ