Serpin ISKERMEN

0
111

Қорқыныш сезімін кім ойлап тапты екен???

#Serpin #IskerMen #грант #AlmaU #Бизнес #Қорқыныш #ҰКП #АҚТКомитеті #Атамекен #БіздіңЖігіттер #БіздіңЖастар

#Serpin Ұлттық білім және инновация палатасы Қазақстандағы алғашқылардың алғашқысы, бизнесті жүргізу бойынша оқытып жүрген,  жалғыз, әрі  үздік жоғарғы оқу орны  #AlmaU университетімен бірге #SerpinIskermen жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында #AlmaU «бизнес жүргізу және басқару» мамандығы бойынша Серпіндіктерге тегін гранттар бөлді.

Күні кеше сол жеңімпаздармен кездестім. Өзім сияқты ауылдың жігіттері. Балалардың 4 жыл бойы оқуы тегін болғанымен де, жауапкершілік өте үлкен. Олар бизнес жүргізумен қатар, басқару және маркетинг негіздерін де меңгеріп шығады. Гранттардың нәтижесі басқа оқу орындары секілді тек қызыл диплом үшін ғана емес, нағыз нәтиже үшін оқитын, нәтиже үшін әрекет етеін, сөз емес іспен дәлелдейтін  білім гранттары болып отыр. Жігіттерге бұл нағыз #Серпіліс жасайтын үлкен мүмкіндік. Олар оқуын аяқтаған соң, тіпті аяқтамай тұрып та #Iskermen болып шығатынына Мен кәміл сенемін! Өйткені бұл #Z ұрпағының (1995 жылдан кейін туылған балалар) өкілдері. Яғни өздері еңбектеніп, табыс табуға тырмысатын, өз-өздеріне жұмыс жасауды арандайтын балалар.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүргізген зерттеуі бойынша халықтың 79 % -ы бизнеспен айналысу дұрыс шешім деп жауап берген. Ал 52,5 % -ы өздерінде кәсіппен айналысуға деген қабілеттің бар екенін айтады. Бірақ іске келгенде халықтың 15,4 %-ы ғана кәсіппен айналысуға әрекет жасайды екен. Бұл сонда алып бара жатқан не #Қоқыныш ? #Бизнес жасауға неге қорқамыз? Барлығында бір жауап, сол бизнес-оқыту мектептері дамымаған, бизнеске байланысты оқыту кітаптары қазақ тілінде жоқ. Бұл да бар мәселе, бірақ шын мәнінде бізде психологиялық тұрғыда дайындық жоқ!

Бизнес дегенде бізге ол Еуропадан келген бір жат дүние болып көрінеді. Бірақ бизнес деген ертеден аталарымыздың күн көру үшін айналысып келген күнделікті кәсібі. Тек ол кезде оның форматы басқаша болса, қазіргі тіршілікке байланысты сәл басқаша. Бірақ мақсат бір – ол тіршілік ету, ол – еркіндік. Өйткені кәсіппен айналысқан адам ешкімге тәуелсіз,  ойын ашық айтатын, өз-өзіне сенімді адам болады. Өз күнін өзі көргеннен артық ештеңе жоқ! Сондықтан Біз бұл қорқынышты өзіміз жасап алғанбыз…

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ