Қоқыс үйінділері мен полигондары жоқ мемлекет!

0
46

Кім ластайды, сол төлейді деген ұранмен келе жатқан Швейцария 70 жылдай болған, бірде-бір қоқыс үйінділері мен полигондарын кездестірмейсің. Өйткені олар жоқ! Бір Цюрихтің өзінде қоқысқы қайта өңдеп, қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған 5 завод бар. Олар қоқысты өңдеп, қайта пайдалануға жарамды етіп қана қоймай, қоқыстың күлінен металл да өндіріп жатыр. Соның ішінде алтын да бар және осындай заводтар қаланың өзінде орналасса да, бұл әлемдегі ең таза, жасыл қалалар болып есептелінеді.
«Нағыз, қаны таза Швейцариялық қана қоқысты дұрыс бөліп, жинақтай алады» деген қалжың бар:) Өйткені олар баланың бойында табиғатқа, өзіне деген ұқыптылық пен жауапкершілік қасиеттерімен бірге дүниеге келеді деп есептейді. Егер Швейцария қоқыспен айналысып жатқанына 70 жыл болса, бұл аралықта үш ұрпақ осы тәрбиемен, осы қағидамен келе жатыр деген сөз.
Бірақ бүгінгі күні Швейцария экологиялық қауіпсіздік үшін сонда да қатты алаңдаулы, өйткені ауа бір, су бір, жер бір. Олар өзінің тәжірибесімен бөлісуге, үйретуге дайын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ