26 C
Астана
Понедельник, Август 21, 2017

«Серпіннің» бүгіні мен ертеңі…

 

2014 жылы Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы басталған болатын. Алғашқы жылы бағдарлама бойынша 7 жоғары оқу орны мен 25 колледж жұмылдырылып, Маңғыстау, Қызылорда,  Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы облыстарының жастары қатысты. Сол жылдары жоғары оқу орындарына 1050, колледждерге 1000 грант бөлінгенімен, маусымның аяғына дейін, бар болғаны 30 өтініш қана келіп түсіп, яғни, жоба өз мақсатына жетпей, нәтижесін берген жоқ.

Сол жылы еріктілер жиналып бұл жобаны қоғамдық бастама ретінде жүзеге асыруды  көздеп, 2014 жылы «Серпін» жалпыұлттық, қоғамдық жобасы дүниеге келді. Күн кестесіндегі ең негізгі мақсат – ол жастар қызығатындай құндылықтарды ойлап табу болатын.

Бұл жобаның қажет екендігін дәлелдеу мақсатында зерттеу жұмыстары да жүргізілді. Қажеттілік жұмыс күші тапшы,  экономикалық белсенділігі төмен, мамандардың тапшылығы, сонымен қатар оқу орындарында студенттердің жетіспеушілігі, жұмыс орындары мен бюджетінің қысқартылуы байқалатын облыстар мен, керісінше жұмыссыздық белең алған, туу көрсеткіші жоғары, балабақшалар мен оқу орындарындарының жетіспеушілігі, мамандықтардың ескіруі байқалатын аймақтарда туындады.

Мемлекет үшін бұл тиімді жоба, ішкі көші-қон дамып, экономикалық белсенділік жоғарылап, ішкі әлеуметтік шиеленістер төмендейді. Оңтүстік аймақтар үшін – ол бос гранттарды иеленіп,  жастардың сапалы білім алуы. Қабылдаушы аймақтарға – ол  жаңа мамандар, экономикалық белсенділік, ЖОО мен колледждердің толығуы, туу көрсеткішінің жоғарлауын көздеді. Яғни, басында-ақ бұл жобаның барлығына тиімді екені айдан анық болды.

Бұл жоба арқылы Оңтүстік аймақтардағы оқу орындарының жетіспеушілігін шешудің ең тиімді жолы жаңа оқу орындарын салу емес, қайта бос оқу орындарына жастарды тегін түсіріп, белсенділігі төмен аударды күшейтіп, жұмыс күшінің артуына септігін тигізіп жүрген бұл жоба, бір оқпен бірнеше қоянды атты.

Қоғам үшін ең негізгі тиімді тұсы өңірлердің жақындасуы, жастардың бірнеше тілдерді үйреніп, аймақтық, экономикалық, әлеуметтік, тілдік, мәдени интеграциясы дамып, яғни енді ішкі миграция аймақ пен орталық арасында емес, аймақ пен аймақтың арасында пайда болады.

Яғни кабылдаушы аймақ пен жіберуші аймақтың, аудандардың, мемлекет пен қоғамды біріктіріп тұрған Серпін бағдарламасының салмағы ауыр, мәні терең, атқарып жатқан жұмысы кең екендігі, ондай жобаның бар екендігі, көңілге қуаныш ұялатады.

«Серпін» қоғамдық жоба ретінде жүзеге асырылған алғашқы жылдан бастап, 2000 орынға 10 000 өтініш, яғни 1 орынға 5 адамнан өтініш келіп түскен болатын. Бұл үлкен жетістік болды, өйткені тек қана әлеуметтік желілерді қолданып, жарнама жасау арқылы осындай жоғары көрсеткішке жеткенімізге өзіміз таңдандық.

Екінші жыл өтініш тапсырушылардың саны 3 есе артып, 6200 орынға, яғни әрбір орынға 7 адамнан өтініш берді. Ол кезде 19 ЖОО мен 45 колледж жұмылдырылған болатын.

Үшінші жыл өкінішке қарай орындар азайып, қалалы жерлер алынып тасталып, ауылды  аймақтар арасында 4300 орынға талас жүріп, іріктеу жоғарғы деңгейде өтті. Яғни оқуға түсудің орта баллы 3 баллға көтерілді.

«Серпін» жобасының бір артықшылығы, өз таңдауын жасаған жастармен жеке жұмыс жасауымыз. Олар өздерін үлкен бір қауымдастықтың мүшесі ретінде сезініп, ортақ идеология мен ортақ мәдениетте тәрбиеленуі. Бірақ басында бұл қоғамдық жоба белгілі бір нақты идеологияның болуынан қарсы болатын. Сонау бастапқыдағы максат, жастар мамандықтарын иеленіп, жұмысқа орналасу болса, қазіргі уақытта балалар мамандықтарын алып қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытып, сол арқылы жұмыс тауып, ақша тауып, бизнеске бет бұру. Бірінші жылдары оқуға түскендердің көпшлігінде тек бір ғана мақсат болды, ол диплом алу. Ал біз олардың мақсаттарын әрі қарай тереңдетіп, тек қана диплом алып қана қоймай, жақсы практикадан өтіп, жұмыс орнын тауып, оның дағдысына үйреніп, мақсаттарын ұзарттық. Жастар өздерінің қалаған оқу орындары мен мамандығын таңдаса, біз оларға мамандығын, саласын, оқу орнын, жұмыс орнын таңдап бердік. Яғни «Серпін» деген үлкен мақсаты бар жобаға айналды.

Осы жылы төртінші рет таңдау жүргізіледі. Алғашқы жылы 25 түлектен ешқайсысы жұмысқа орналаса алмады, екінші жылы 140 адамнан 70 жұмысқа орналасты, ал үшінші жылы бізде 700 бала оқу орнын бітіреді. Сұрақ та көп, шешу керек мәселе де көп. Бүгінгі күні бұл жобаның дамуына кейбір аймақтардан қатысуға қарсылық білдірулері кедергі жасап жатқанын да айта кету керек. Президенттің өзі бұл жобаны қолдап, нақты тапсырмалар беріп жатқанда, біздің ауыз бірігіп,қолдау көрсетпеуіміз, осындай мықты жобаларды әспеттемеуіміз, Еліміздің болашағына деген жанашырлықтың жоқтығын көрсетеді.

Тағы да айта кету керек, «Серпин» жобасы бұл білім беру жобасы емес, бұл құндылықтардың жобасы, бұл ең бірінші кәсіпкерлік рухты насихаттап, кәсіпкерлік білімнің кеңінен тарауына әрекет ететін жоба. Іскерліктің, еңбекқорлықтың, өзіне сенудің жобасы. Сол себептен, біздің ең бірінші мақсатымыз оқушыларды ақпараттандырып, мамандық бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізіп, яғни бала қай мамандықты таңдаса, жұмысқа орналасып, өзінің рухани, кәсіби өсуіне жол аша алатынын, кай өңірде қандай экономикалық қажеттілік туындап, дамып жатқандығынан ақпараттандыру. Балаларға мамандық таңдауға мүмкіншілік беру.

Екінші, оқуға тусуге жағдай жасау. Үшінші, сапалы оқу мен оқу кезіндегі тарбие жұмыстары арқылы, балаларды жан-жақты дамыту.

Төртінші, тәжірибеден өту арқылы, жастардың жумыс орнын табуы. Оларды бизнеске үйрету, яғни оқып жүрген кезде студенттерге жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

Бүгінгі күні «Серпін» жобасының өнімі ретінде бірнеше мысалдарды айта кетпеске болмас. Мысалы Солтүстік Қазақстанда оқып жүрген балаларымыз монша сыпырғыштарын жасап, Оңтүстікке апарып кәсіп жасап жүр. Дәл сол өңірде жастарымыз жерді жалға алып, картоп егіп, шағын бизнестерін дөгелетіп жүр. Одан бөлек балалар, электронды билет сатумен, кептірілген жеміс-жидектермен айналысып, кейбіреулері өздерінің дүкендері мен тігін шеберханаларын, кафелерін ашып, бала бағушы, бармен, шаштараз, аспаз болып жұмыс жасап, сауда-саттықтың айналысуға болатын барлық түрлерімен екі қолға бір күрек алып, балалар үлкен өмірге білім ордасынан бастап өз жағдайларын жасауда.

Әрі қарай біздің мақсат «Серпін Іскерлері» жобасын жүзеге асырып, қалың бұқараны толықтай кәсіпкерлікке тарту. Біздің тараптан, кәсіпті дөңгелетуге көмектесетін барлық құндылықтарды дамытуға, және жұмыс орындарының пайда болуына көмектесу. Қазіргі уақыттағы жұмысымыз мектеп көлемінде агетация жасап, мамандықты түсіндіріп, экономика саласы бойынша түсіндірме жұмыстарын жасап, кәсіпкерлік дағдыларын үйретіп, «Серпін» жобасының аясында «Іскерменді» іске қосу.

ЖОО мен колледждерде оқу барысында, біз Аламандар өткіземіз, студенттердің шығармашылық қасиеттерін дамытамыз, оларға бизнеспен айналысуды үйретеміз, сол уақытта студенттер біздің «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына қатысты кәсіпорындарда практикадан өтіп, жұмыс орындарын тауып беру – бұл негізгі мақсат.

Үшіншіден оқуды бітірген соң, жастар бірден жұмыс бастап кетіп, жатақхана алу мүмкіндігін жасау, толықтай бизнеспен айналысуларына, жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік жасау.

Жобаның жемісі, бітірушілердің Іскермен атанып, өзінен кейінгілерге үлгі болып, бір-біріне қолдау көрсету болып табылады. Бұл біздің шағын мемлекет, бұл біздің шағын отбасы. «Тәрбие отбасыдан басталады», сол себепті осындай іргесі биік, керегесі кең отбасылар, кеңінен қолдау тауып, шаңырақтарын көтере берсе екен дейміз!!!